Цифрлық даму министрлігі: eGov-тағы ақау құрал-жабдыққа қатысты болды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек өткен аптадағы eGov порталындағы техникалық ақаудың себебіне қатысты түсінік берді.
Фото: Kazinform
13:03 30.01.2025
- Оның неден болғанын анықтап жатырмыз. Нақты осы ақау қай құрал-жабдықтан болғанын анықтадық. Біздің инженерлер тексеріп жатыр. Яғни мамандар бұл ақаудың шығуына әсер еткен барлық экожүйені зерделеп жатыр. Бұл тұрғыда барлық мәселе құрал-жабдыққа қатысты. Қазір тексеру жүріп жатыр, сондықтан бұл жайында толық айта алмаймын, - деді А. Оразбек Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, жүйедегі ақау сағат 10:25-те тіркелді. Ал сағат 13:59 кезінде жүйе толықтай іске қосылды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!