Мүгедек жасөспірімге қызмет көрсетпеген әуе компаниясы жазаланды
Бас көлік прокуратурасы хабарлауынша, әуе компаниясы кәмелет жасына толмаған жасөспірімге уақтылы қызмет көрсетпеген, деп жазады kazinform.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
14:26 30.01.2025
— 2024 жылдың 3 қарашасында Санкт-Петербург-Астана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген. Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды, — делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қызметті уақтылы көрсетпеуге әуе компаниясы қызметкерлерінің мүгедек арбасының қажеттігі туралы қате хабарламасы себеп болған.
Осылайша Астана авиациялық көлік прокуратурасы ерекше қажеттігі бар жолаушы құқығының бұзылғанын анықтады.
— Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі), — дейді Бас көлік прокуратурадан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!