{metadescription}
Алматыдағы мұз айдынында жасөспірім қызды қатарластары ұрып тастаған

Алматыдағы мұз айдынында жасөспірім қызды қатарластары ұрып тастаған

Олардың әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Ондағы мәліметке сәйкес, оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Гүлдер саябағында болған. Алматы қаласының полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады kazinform.

— Бұл жағдай бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жанжал туындаған екі жасөспірім қыздың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде