Метрода орнатылып жатқан қауіпсіздік қоршаулары уақытша шешім — метрополитен директоры
Автоматтандырылған платформалық қоршауларды орнату ұзақ уақытты қажет етеді, өйткені ол үшін жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет.
Фото: Алматы метрополитені
16:08 30.01.2025
Осыған байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша металл қоршаулар орнатылып жатыр. Бұл туралы Алматы метрополитенінің директоры Алмасбек Орынбеков айтты.
Алмасбек Орынбековтің сөзінше, алдымен тот баспайтын жылтыр металдан жасалған тіректер орнатылады, кейін оларға соққыға төзімді шыныдан жасалған қоршаулар бекітіледі. Бұл жұмыстар жақында аяқталады деп жоспарланып отыр.
— Автоматтандырылған платформалық қоршауларды орнату ұзақ уақытты қажет етеді, өйткені ол үшін жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Осыған байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша металл қоршаулар орнатылып жатыр, — деді Алмасбек Орынбеков.
Айтуынша, қоршаулар вагондардың арасындағы кеңістікті шектеу үшін орнатылады және метрополитеннің пайдалану шығыны есебінен жүзеге асырылады, яғни бюджет қаражаты тартылмайды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!