{metadescription}
2025 жылдың 1 ақпанынан бастап автогаз бағасы көтеріледі

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап автогаз бағасы көтеріледі

Энергетика министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы бұйрығымен ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді.

ҚР аумағындағы автогаз құю станциялары үшін тауар биржаларынан тыс, деп хабарлайды Zakon.kz

Автокөлік газының құны:

  • Астана қаласы – литрі 102 теңге (қазір 82 теңге);
  • Алматы қаласы – 102 теңге (қазір 89 теңге);
  • Ақтөбе, Атырау облыстары – 77 теңге (қазір 59 теңге);
  • Ақмола, Алматы облыстары – 102 теңге (қазір тиісінше 84 және 89 теңге);
  • Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облыстары және Абай ауданы – 102 теңге (қазіргі уақытта 84 теңге);
  • Жамбыл облысы – 90 теңге (қазір 78 теңге);
  • Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (қазір 70 теңге);
  • Қызылорда облысы – 90 теңге (қазір 70 теңге);
  • Маңғыстау облысы – 65 теңге (қазір 59 теңге);
  • Павлодар облысы – 102 теңге (қазір 81 теңге);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (қазіргі уақытта 89 теңге);
  • Шымкент қаласы мен Түркістан облысы – 90 теңге (қазір 70 теңге).

Бұйрық 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде