{metadescription}
Вашингтонда ұшақ пен тікұшақтың соқтығысуынан кем дегенде 18 адам қаза тапты

Вашингтонда ұшақ пен тікұшақтың соқтығысуынан кем дегенде 18 адам қаза тапты

Өзеннен кемінде 18 адамның денесі табылды, іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды CBS News. 

АҚШ астанасы Вашингтонда шағын ұшақ Потомак өзеніне құлады. Апат Ақ үй мен Капитолийден оңтүстікке қарай төрт шақырымдай жерде орналасқан Рональд Рейган әуежайының маңында болды. CBS хабарлауынша, PSA Airlines әуе компаниясының Bombardier CRJ700 аймақтық лайнерінде 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.

Black Hawk Sikorsky H-60 тікұшағында үш әскери қызметкер болған, деп хабарлады CBS News-ке АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі. АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) хабарлауынша, сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00 шамасында ұшақ Рейган халықаралық әуежайына жақындап келе жатқанда тікұшақпен соқтығысқан. Әуе лайнері Канзас штатының Вичита қаласынан ұшты. Тікұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Билік өкілінің хабарлауынша, сәрсенбі күні сағат 23:30–дағы жағдай бойынша құрбан болған 18 жолаушының денесі өзеннен шығарылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде