{metadescription}
Қазақстанда доллар бағамы көтерілді

Қазақстанда доллар бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 30 қаңтарында сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,36 теңгеге көтеріліп, 519,28 теңге болды. Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне байланысты юань биржасында сауда болған жоқ. Ақша айырбастау орындарында доллар 519,75-522,34 теңге, еуро 540,24-544,40 теңге, рубль 5,17-5,25 теңге аралығында сатылуда.

30 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасының төмендеуі жалғасуда. ICE Futures биржасында электронды саудадағы сәуірдегі Brent фьючерстерінің бағасы 0,38%-ға төмендеп, барреліне 75,32 долларды құрады. NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,32%-ға арзандап, барреліне 72,39 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 516,85 теңге, еуроны 537,68 теңге, рубльді 5,26 теңге деп белгіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде