Оралда бейнежазба тарады: белгісіз біреулер итті атып, қоқыс жәшігіне тастаған
Орал қаласында белгісіз біреулердің итті атып, өлексесін қоқыс жәшігіне тастағаны жөнінде бейнежазба тарады.
Фото: Видеодан алынған скрин
08:05 31.01.2025
Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған бейнежазбада ер адам Зачаган кентінде Ақсу мен Теміртау көшесінде 29 қаңтар күні біреулердің келіп, иттерді атып, қоқыс жәшіктеріне лақтырғанын айтады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған дерек бойынша тексеру басталды. Иттердің неден өлгенін анықтау үшін өлекселері сараптамаға жіберілді.
БҚО ветеринария басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қаңғыбас жануарларды атып жүрген азаматтар туралы деректер жоқ.
— Қалалық коммуналдық қызмет пен ветеринариялық станция қызметкерлері жануарлар өлекселерін жинастырады. Содан кейін мал моласына апарып, көмеді, - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!