{metadescription}
Борышкер лудомандарды ЖСН арқылы анықтау тетігі енгізілуі мүмкін

Борышкер лудомандарды ЖСН арқылы анықтау тетігі енгізілуі мүмкін

Бәс тігушілердің арасындағы салық, алимент, несие берешегі бар адамдарды құмар ойыннан шектеу үшін ЖСН-дерін сәйкестендіру тәсілдері пысықталып жатыр.

Бұл туралы Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев ведомствоның алқа мәжілісінде мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша аталған тетік қандай да бір материалдық қарызы бар азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатпау үшін қабылданбақ.

— Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген 3 миллионға жуық адам құмар ойындардан шеттетілді. Бүгінде аталған тізілімге енгізілген 15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды. Қазіргі уақытта, Әділет және Цифрландыру министрліктерінің қолдауымен бәс тігушілердің ЖСН-дерін автоматты түрде борышкерлер тізілімімен сәйкестендіру мәселесі пысықталуда, — деді ол.

Мирас Төлебаев былтыр борышкерлерден бәс қабылдаудың 80 фактісі тіркеліп, оған жол берген 5 букмекерлік кеңсенің үстінен әкімшілік іс қозғалған, 1 кеңсе жауапқа тартылған.

— Борышкерлерден бөлек 85 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерге, 70 мың әскери қызметшілерге, 100 мыңға жуық құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынды, — деді вице-министр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде