{metadescription}
Үш облыста тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылады

Үш облыста тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылады

Маңғыстау, Алматы, Жетісу облыстарында тек қалталы шетелдіктер ғана кіре алатын казинолар ашылмақ.

Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Мирас Төлебаев осындай мәлімет берді. 

— Туризмді дамыту үшін Маңғыстау, Алматы, Жетісу облыстарында шетелдіктерге арналған ойын аймақтарын ашу жұмыстары пысықталып жатыр. Бұл казинолар ауқатты шетелдіктердің ағынын арттырады және туризм кластерінің басты орталығына айналады деп күтеміз. Дәл осындай Макао, Сингапур, Малайзия және Филиппин елдерінде туризмнің дамуына қосымша серпін беріп отыр. Мұндай тәсіл Қазақстанда да жеміс береді деп пайымдаймыз. Жаңа казинолар мыңдаған жұмыс орындарын ашып, миллиардтаған салық түсіреді, — деді Мирас Төлебаев.

Вице-министр бұл ойын аймақтарында тек казино ғана ашуға рұқсат етілетінін атап өтті.

— Оған Қазақстан азаматтары қатыса алмайды. Тек шетелдіктер ғана ойнауға рұқсат беріледі, — деді ол.

Ойын бизнесі және лотореяны реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әділет Тұрғанбаевтың сөзінше, бұл жобаларға Қытай, Ресей, Еуроодақ инвесторлары тартылуы мүмкін. Инвесторларға казиноға қойылатын әр үстел мен ойын автоматтарына салынатын алым мөлшерін екі есе қысқартып, шетелдік туристерді ұтыстан алған жеке табыс салығынан босату көзделіп отыр.

Бұған дейін Маңғыстау облысында Баку мен Дубай тәжірибесі бойынша казинолар ашылатынын жазған едік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде