Ағылшындық клубтың 17 жастағы ойыншысы гол соғып, рекорд жасады
Ағылшындық «Тоттенхэм» клубының шабуылшысы Мики Мур ірі еуропалық жарыста 17 жасында гол соққан ең жас ойыншы атанды.
Фото: premierleague.com
10:48 31.01.2025
М.Мур Еуропа лигасы жалпы кезеңінің 8-турында швециялық «Эльфсборг» клубымен ойында 94-минутта есепті 3:0-ге жеткізді. Ол туғанына 17 жас 172 күн болғанда, ағылшын ойыншылары арасында осындай рекордтық нәтижеге қол жеткізді, деп жазады kazinform.
Бұдан бұрынғы үздік нәтиже Джимми Гривзге (17 жас 245 күн) тиесілі еді. Ол 1957 жылы «Челси» құрамында көзге түскен болатын.
Лондондық «Тоттенхэм» Еуропа лигасының жалпы кезеңінің қорытындысы бойынша 17 ұпай жинап, төртінші орынға табан тіреді. «Эльфсборг» үздік 24 команданың қатарына іліге алмады.
Алғашқы үштіктен «Лацио» (Италия), «Атлетик» (Испания), «Манчестер Юнайтед» (Англия) көрінсе, «Айнтрахт» (Германия), «Лион» (Франция), «Олимпиакос» (Грекия), «Рейнджерс» (Шотландия) 1/8 финалға бірден жолдама алды.
Түркияның «Галатасарай», «Фенербахче» клубтары 1/8 финал жолдамасы үшін күресуге мүмкіндік беретін ТОП-24-ке енді. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Бешикташ» командасы соңғы турда нидерландылық «Твентеден» 0:1 есебімен жеңіліп, жалпы кестеде 28-орынға түсіп қалды. Бұл ойында Б.Зайнутдинов қосалқы құрамда болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!