{metadescription}
Каспий теңізін зерттеу институты басқа министрлікке өткізіліп жатыр

Каспий теңізін зерттеу институты басқа министрлікке өткізіліп жатыр

Каспий теңізінің қазақ ғылыми-зерттеу институты Экология министрлігінің қарамағына өткізіліп жатыр.

Бұл туралы Kazinform сауалына ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми жауабында айтылды, деп жазады kazinform.

— «Каспий теңізінің қазақ ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысымен құрылды. Жүргізілген талдау институттың негізгі қызметі Экология және табиғи ресурстар министрлігінің функцияларына көбірек жататынын анықтаған. Осының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі институтты Су ресурстары министрлігінен Экология министрлігіне беру туралы шешім («ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 1031 кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ПП) қабылдады, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Экология министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында аталған институтты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде