{metadescription}
Алматыда есірткі жарнамалаудың жаңа тәсілі анықталды

Алматыда есірткі жарнамалаудың жаңа тәсілі анықталды

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 28 жастағы азамат шағын несие алуға арналған жапсырмалар таратумен айналысқан.

Алайда QR-кодты сканерлеген кезде қолданушылар несие беру сервисіне емес, есірткі сатумен айналысатын интернет-ресурсқа кіріп кеткен.

"Күдікті өзінің қылмыстық әрекетін мойындады. Оның міндеті – қоғамдық көлік аялдамаларына, билбордтарға, бағаналарға парақшалар жапсыру болған. Ол қызметі үшін төлемді криптовалюта түрінде алып отырған. Қазіргі таңда ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілуде. Сондай-ақ оның жұмыс берушілері анықталып жатыр", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы (Есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың жарнамасы немесе заңсыз насихаты) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жария етілмейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қылмыстық кодексіне сәйкес, кез келген азаматтың кінәсі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде