{metadescription}
Қазақстан жасанды интеллектті күнделікті өмірде қолдану үшін 1 млн адамды оқытпақ

Қазақстан жасанды интеллектті күнделікті өмірде қолдану үшін 1 млн адамды оқытпақ

Олжас Бектенов Аlem.ai орталығының базасында жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін ЕАЭО елдерінің күш-жігерін біріктіруді ұсынды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аlem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының негізінде құзыреттіліктер экожүйесін құру бастамасын көтерді. Ол биыл ашылатын болады. Бұл бір алаңда шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін жетекші ІТ-компанияларды, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен білім беру бағдарламаларын біріктіруге мүмкіндік береді. Біз Аlem.ai орталығының базасында жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін ЕАЭО елдерінің күш-жігерін біріктіруді ұсынамыз,– деді Үкімет басшысы «Digital Almaty 2025» форумында.

Сондай-ақ ол тек ІТ-мамандарды оқытуда ғана емес, жасанды интеллектті күнделікті өмірде тиімді қолдануда кешенді тәсілді қамтамасыз етудің маңызы зор екенін жеткізді.

– Сондықтан біз бес жыл ішінде Қазақстанда аталған салада 1 миллион адамды оқытуға қатысты алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз. Өткен жылы француз педагогы Николя Садиракпен (Ecole42 мектебінің негізін қалаушы) бірлесіп, Қазақстанда Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды. Ондағы білім беру бағдарламасы оқытушыларды қажет етпейді, жасанды интеллекттің өзі жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі. 

Сондай-ақ мектепте оқытудың инновациялық ойын әдістері қолданылады. Біз осындай ерекше тәсіл тәжірибесімен бөлісуге әзірміз, – деді Олжас Бектенов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде