{metadescription}
Жемқорларды елден шығуға тыйым салу жағын қарастырып жатырмыз — Антикор

Жемқорларды елден шығуға тыйым салу жағын қарастырып жатырмыз — Антикор

Қазақстанда парамен ұсталғандарды, яғни жемқорларды елден шығуға тыйым салу жағы қарастырылып жатыр, деп жазады kazinform.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

— Айта кетейін, бұл бірінші рет көтеріліп жатқан сұрақ емес, бұл бізде баяғыдан бері талқылануда. Бұл бастама бұрыннан бері қарастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, тиісті ұсыныстар бар, — деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Агенттік өкілінің мәлімдеуінше, парамен ұсталғандарды елден шығармау мәселесі басқа да құзырлы органдармен бірлесе қаралуда.

— Талқылау нәтижесі көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмысты біз ғана қабылдай алмаймыз, бұл бүкіл мемлекеттік орган, аппарат қабылдауы тиіс. Депутаттар қолдаса, әрине, енгізілуі мүмкін, — деп толықтырды ол.

Сондай-ақ Антикор өкілі жемқорларды елден шығуға тыйым салу тәжірибесі шет мемлекеттерде бар екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде