{metadescription}
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашиманы қабылдады

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашиманы қабылдады

Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады.

– Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз «Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік» деп айтамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты.

Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.

Арнаулы кеңесші Президентке Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибаның ыстық ықыласын жеткізді, сонымен қатар Токионың қазақ-жапон сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі жандандыруға бейілдігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Акихиса Нагашима жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, сауда, энергетика, көлік, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларындағы, сондай-ақ климаттық өзгеріс мәселелері бойынша екіжақты өзара ықпалдастықты тереңдетудің перспективасын талқылады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.