{metadescription}
Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды

Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды

Өскемен қаласында өртенген жер үйдің жертөлесінен үш адамның денесі табылды, деп жазады kazinform.

Қаладағы жер үйлердің бірі өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды.

- Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында, - делінген ақпаратта.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұмдардың бастарында кесілген жарақаттар табылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде