«Тараз» КФК спорттық директоры ауысты
Ұлан Қонысбаев «Тараз» КФК спорттық директоры қызметіне тағайындалды.
Фото: instagram/fctaraz.official
12:31 01.02.2025
Ұлан Әбиірбекұлы 1989 жылы 28 мамырда дүниеге келген. Спорттық мансабын 2006 жылы «Жамбыл» командасында бастаған.
Әр жылдары «Тараз», «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе» секілді клубтарда ойнаған. Ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, 3 рет мергендік танытқан. Спорттық ғұмырындағы 300 аса кездесуде 40 жуық голдың авторы болды.
2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның «Үздік ойыншысы» атанған. Ел чемпионы, кубок және Суперкубок иегері.
— Жаңа қызметте Ұлан Әбиірбекұлына сәттілік тілейміз! , — делінген футбол клубының хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!