Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды
Өзбекстандық есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген болатын, деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: Polisia.kz
13:33 01.02.2025
Ақтөбе облысындағы «Жайсан» теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды.
2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған.
— Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!