БҚО-да түрмеге «трамадолдың» 95 таблеткасы сәлемдеме ретінде жіберілмек болған
Ұландықтар БҚО колониясында трамадол өткізу әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
08:15 03.02.2025
Батыс Қазақстан облысы ЕЦ-28 мекемесінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды түзеу мекемесіне жеткізу әрекетінің алдын алды.
— Келіп түскен бандерольді тексеру барысында темекінің ішіне мұқият жасырылған 95 таблетка «Трамадол» табылып, тәркіленді. Есірткі және психотроптық заттардың контрабандасы сотталғандар арасында тәуелділіктің таралуына, қылмыстың өршуіне және ахуалдың тұрақсыздануына ықпал ете отырып, түзеу мекемелерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді, — делінген хабарламада.
Айта кетсек, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен бірге тексерудің қазіргі заманғы әдістерін пайдаланып, сәлемдемелер мен бандерольдерді бақылауға ерекше көңіл бөледі. Олардың үйлесімді әрекеттері мен қырағылығының арқасында тыйым салынған заттар түзеу мекемесіне өтпейді. Тәртіп бұзушылар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Бас бостандығынан айыру орындарында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің басым міндеттерінің бірі. Мұндай жағдайлар түзеу мекемелеріндегі тәртіпті қамтамасыз етуде бірлескен жұмыстың тиімділігін көрсетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!