Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа ластанады
Бүгін еліміздің жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып,ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Фото: Kazınform
09:16 03.02.2025
- 2025 жылдың 3 ақпанда Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!