{metadescription}
Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалап, пәтерін алмақ болған адам сотталды

Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалап, пәтерін алмақ болған адам сотталды

 Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен бұрынғы ЖШС қызметкерін бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп таныды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ол кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 млн теңге тұратын пәтерді талап еткен. Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжаттарын алу кезінде қылмыстық әрекеттің жолын кескен.

Сот сотталушыны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл басбостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

- Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді бопсалау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады, - делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде