{metadescription}
Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

– Алматы облысының тауларында 3-10 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні болуы мүмкін қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында – Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан.

Негізінен қар көшкіні температураның жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде