Мал экспортына уақытша тыйым салынды
Елде ауылшаруашылық жануарларын әкетуге рұқсат беру тоқтатылды, деп жазады kazinform.
Фото: ҚР Үкіметі
11:12 03.02.2025
Қырғызстан Республикасы Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 31 қаңтардан бастап ведомствоға қарасты ветеринарлық қызмет ірі қара, ұсақ малды, сондай-ақ жылқы малын үшінші елдерге экспорттауға рұқсат беруді тоқтатты.
- 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін берілген рұқсаттар барлық тексерулер аяқталғанша және нормативтік құқықтық базаға өзгерістер енгізілгенге дейін уақытша тоқтатылды. Рұқсат беру процесінің қайта жанданғаны туралы қосымша хабарланады, - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!