{metadescription}
Елімізде 4237 шетелдік заңсыз такси қызметін атқарған

Елімізде 4237 шетелдік заңсыз такси қызметін атқарған

Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден астам таксопаркті анықтады, онда 4 237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз қызметін заңсыз жүзеге асырған.

Еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында заң шығарушы көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс беруші мен шетелдіктердің жауаптылығын көздеген, деп жазады Kazinform.

Қазіргі уақытта Көші-қон қызметі комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарауда, онда елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қойылған.

- Бүгінгі күні еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист (Алматы - 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматы - 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 112 қабылдау-тарату орнына (Алматы - 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы - 79), деп жазды Алматы қаласының прокуратурасынан.

Бұл жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде