Мәскеудегі «Алье паруса» тұрғын үй кешенінде жарылыстан бір адам қаза тапты
Жарылыс Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Алые паруса» тұрғын үй кешенінің холында болды, деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі.
Фото: pixabay
13:43 03.02.2025
— «Алые паруса» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатының залында жарылыс болды. Шыны мен гипсокартон төбесі зақымданған. Өрт болған жоқ, — деп хабарлады агенттіктегі дереккөз.
Төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам зардап шекті. Жедел қызмет хабарлауынша, қирандылар болған жоқ.
— Үйді тексерудің алдын ала қорытындысы бойынша тірек құрылымдары зақымданбаған. Бұдан әрі қираулар болмайды, — деп сендірді ведомстводағы дереккөз.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!