Атыраулық әйел егіз баласына күйеуі зорлық көрсеткен деп күдіктенеді
Атырауда егіз баласы бар әйел күйеуінен күдіктеніп жүр. Ол полицияға күйеуінің үстінен шағым түсірген, деп жазады kazinform.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінікі
14:44 03.02.2025
Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Әйел 2023 жылдың қарашасында егіз босанған. Егіздің бірі – ұл, екіншісі – қыз.
– Алғаш танысқан кезде күйеуім ішімдік ішпейтінін, шылым шекпейтінін айтқан еді. Балаларыма 9 ай болғанда, оның есірткі қолданатынын білдім. Полицияға шағым жазғанда, балаларым 3 жасқа толды. Күйеуім мені жұмысқа шығарып, өзі декреттік демалыс алды, - дейді егіздің анасы.
Оның айтуынша, балаларының мінезі тұйықталып, көп жылайтын болған. Алғашында шошып оянатыны күдік тудырған. Балабақшадағы тәрбиешілер де балалардағы өзгерісті байқаған.
– Жұмыста жүргенімде, балабақша тәрбиешісі телефон шалды. Ол балалардың бірнәрседен қорқатынын, ұйықтаған кезде бір-бірінің қолынан ұстап жататынын айтты. Балалар жұмысқа кеткен мені сағынатын болар деп ойладым. Алайда баланың құйрық тұсы көгергенін байқадым. Содан соң күдіктіне бастадым, - дейді анасы.
Егіздің анасының айтуына қарағанда, 20 қарашада полицияға арыз жазған.
– Бір жылдан асты, бірақ күдіктіні әлі ұстаған жоқ. Сараптама жүргізу үшін проктологты өзім табуым қажеттігін айтты. Шу көтерген едім, мені түрлі интсанцияға жібере бастады. Дәрігер «Мықты болыңыз, екі балада да зақым бар. Ұлыңыз дефекацияны бақылай алмайтынын айтты, - дейді амалы таусылған ана.
Балаларға екінші рет сараптама жүргізілген. Ал 1 ай бұрын балаларды қараған дәрігердің сараптама жүргізуге лицензиясы болмай шыққан. Сол себептен, дәрігер қорытынды бере алмаған.
Осы дерекке байланысты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегідей түсінік берді.
– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс бір жылдан бері тергеліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізу қолға алынды. Тергеу кезінде бірнеше сараптама берілген. Қазір комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптаманың нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім шығарылатын болады, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!