Биыл Астана халықаралық форумы өтеді
Үкімет басшысының Астана халықаралық форумын өткізу туралы өкімі шықты.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
15:09 03.02.2025
– Астана халықаралық форумын дайындаудың және өткізудің ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерін шешу үшін Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін. Ұйымдастыру комитеті Астана халықаралық форумының жоғары халықаралық деңгейде дайындалуын және өткізілуін ұйымдастыруды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін, - делінген өкімде.
Форумды ұйымдастыру және бақылау Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министріне жүктелді. Сонымен қатар Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!