{metadescription}
Қазақстан ирандық компаниямен бірге Парсы шығанағында жүк терминалын ашады

Қазақстан ирандық компаниямен бірге Парсы шығанағында жүк терминалын ашады

Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар Иран Ислам революциясының 46 жылдығына орай БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шара барысында Парсы шығанағында Қазақстанның жүк терминалын ашу жобасы қай сатыда тұрғаны айтылды.

Терминал Қазақстанға не береді?

- Қазіргі жағдайда ирандық жеке компанияның қатысуымен өзіңіз айтып отырған жер телімін Қазақстан тарабымен бірлесіп игеру жобасы пысықталып жатыр. Яғни, бастапқы келісімдер бар. Биыл жүзеге асуы мүмкін.

Бұл жоспар жүзеге асса, Қазақстанға барлық жағынан тиімді болар еді. Бендер-Аббастағы өкілдігі арқылы Иранның оңтүстігіндегі порттарға қол жеткізеді. Сол арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, Африка елдерінің, Үндістан мен Парсы шығанағындағы елдердің нарығына шыға алады. Бұл Қазақстан үшін теңіз жолдарына еркін шығатын бірден бір жол болады, - дейді Али Акбар Джоукар.

Бастама қайдан шықты?

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы Иранға сапары кезінде Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас портында Қазақстанның терминалын салу үшін 15 гектар жер телімін бөлуге келіскен.

Иран елшісі 2023 жылы берген агенттікке берген сұхбатында Қазақстан тарабынан осы терминалды қашан іске қосып, пайдалана бастайтыны туралы әлі жауап ала алмай отырғандарын айтқан. 

- Екі ел басшыларының саяси жігері мен тапсырмаларын тиісті деңгейде орындай алмай отырмыз дедім ғой. Соның бір фактісі осы терминал деуге болады. Бүгінге дейін Қазақстанның мемлекеттік органдары да, квазимемлекеттік органдары да Президенттеріңіздің осы тапсырмасына байланысты тиісті шешім қабылдаған жоқ, - деген болатын дипломат. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде