Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адам болды.
Фото: pixabay
16:05 03.02.2025
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Оның ішінде:
- қала тұрғындары – 12 774 743
- ауыл тұрғындары – 7 511 341
Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен - 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%. Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!