{metadescription}
Елімізде мал ұрлығы 30,5 пайызға азайды – ІІМ

Елімізде мал ұрлығы 30,5 пайызға азайды – ІІМ

Жыл басынан бері ел аумағында 69 мал ұрлығы фактісі тіркелді.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлім етті, деп жазады kazinform.

– 2024 жылы елімізде 1 026 мал ұрлығы болды. Бұл – былтыр тіркелген жалпы ұрлықтың 3%-ы. Малдың жартысынан көбін жайылымда ұрлаған (1 026-дан 752-сі). Сонымен қатар полиция 89 қылмыстық топты құрықтады, оның ішінде 572 адам мал ұрлаған. Сол сияқты 4,5 мыңнан астам ұрланған мал иесіне қайтарылды. Осылайша өткен жылы мал ұрлығының саны 30,5%-ға төмендеді, - деді Шыңғыс Әлекешев ведомствода өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде кейінгі 5 жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды. 

– Жыл басынан бері, яғни қаңтарда ел аумағында 69 мал ұрлау фактісі тіркеліп, 53 күдікті ұсталды. Сонымен қатар 10 қылмыстық топ әшкереленді және 450 ұрланған малдың 134-і иелеріне қайтарылды, - дейді ол. 

Осы орайда Ішкі істер министрлігі мал ұрлығынан сақтану ережелерін ұсынады:

- малды қараусыз қалдырмаңыз; 

- GPS-трекерлерін орнату арқылы бақылаудың заманауи әдістерін қолдаңыз; 

- малға ен салып, таңбалауды және чиптеуді ұмытпаңыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде