{metadescription}
Қазақстанда доллар бағамы көтерілді

Қазақстанда доллар бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 3 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,40 теңгеге көтеріліп, 521,60 теңге болды. Қытай Халық Республикасында мереке күндері болғандықтан юань биржасында сауда болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 521,18-523,35 теңге, еуро 534,07-538,33 теңге, рубль 5,19-5,27 теңге аралығында сатылуда. 3 ақпандағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

ICE Futures биржасында электронды саудадағы сәуірдегі Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 1,57%-ға өсіп, 76,86 долларды құрады. NYMEX электрондық саудасында WTI мұнай фьючерстері 2,45%-ға арзандап, барреліне 74,28 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 518,14 теңге, еуроны 537,57 теңге, рубльді 5,27 теңге деп белгіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.