Кентаудағы жол апатынан 6 адам қайтыс болды
Екі көліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: Кентаудағы жол апатынан 6 адам қайтыс болды
17:50 03.02.2025
Оқиға бүгін Кентау-Түркістан жол бойында болды. Кентау қаласына кіре беріс аумақта екі «Аudi» көлігі соқтығысқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктің бірі қарсы жолаққа шығып кетіп екіншісімен соғысқан. Апат салдарынан көлік өртеніп, 6 адам қайтыс болды. Ал, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қалалық орталық ауруханасына жеткізілді.
- Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданады. Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады. Жолдарда абай болыңыздар, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!