{metadescription}
Шымкентте тағы бір жасөспірім жоғалды

Шымкентте тағы бір жасөспірім жоғалды

Үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен бозбала қайта оралмаған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Таннур Тұрсынбек есімді қала тұрғыны 21 қаңтар күні үйінен шығып кеткен. Содан бері 16 жастағы жөсөспірім қайта оралмаған. 

Аталған жағдайға байланысты Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

- Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз, із-түзсіз жоғалғандар туралы арыздар бойынша оларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды, сонымен қатар аудандық бөлімдердің жеке құрамы мен көрші өңірлердің полиция департаменттеріне бағдар жолданды, - делінген ведомства ақпаратында. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде