Абай облысындағы екі трассада көлік қозғалысы шектелді
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: «ҚазАвтоЖол»
09:42 04.02.2025
2025 жылғы 4 ақпанда сағат 00:45-те республикалық маңызы бар мына жолдарда күннің бұзылуына байланысты көліктің барлық түрлерінің қоғалысына шектеу қойылады:
- «Өскемен-Семей» автожолының 154-198 шақырым аралығындағы учаскеcі (Шүлбі ауылы бұрылысы- Семей қаласы);
- «ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан айналма жолы-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы» автожолының 756-906 шақырым аралығындағы учаскесі (Семей қаласы - Қалбатау ауылы);
Осыған дейін ауа райына байланысты бірнеше жол жабылғаны туралы жаздық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!