Алматы облысында жол апатынан бір көлікте отырған 3 адам мерт болды
Алматы облысы Жамбыл ауданында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды.
Фото: Видеодан алынған кадр
10:21 04.02.2025
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 4 ақпан күні Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады, - деп хабарлады полициядан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!