{metadescription}
2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Көктемнің алғашқы айында Қазақстан екі мемлекеттік мерекені атап өтеді: 8 наурыз және әз Наурыз мейрамы.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – демалыс:

бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан демалыс: 8, 9 және 10 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн қатарынан: 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі).

Наурыз мерекесіне арналған демалыс күндері:

бес күндік жұмыс аптасы үшін – бес күн қатарынан: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);

алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн қатарынан: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).

Жалпы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін 8 күн мереке болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында істейтіндер 6 күн демалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде