Қонаевта бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жыққан
Қонаевтың кіре берісіндегі көпірдің асты әлімжеттік көрсетушілердің орнына айналды.
Фото: pixabay
11:12 04.02.2025
Мұнда 2 ақпан күні 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz. Бала жансақтау бөлімінде. Болған оқиға жайлы 3 ақпанда журналист Гүлмира Ақыбай өзінің Instagram парақшасында егжей-тегжейлі жазды. Оның айтуынша, қалаға кіре беріс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен болды. Топтық төбелес, тығылып ішу, тарту бәрі осында өтеді.
Қазір жасөспірім ауруханада емделуде, оның жағдайы тұрақты. Жәбірленушіге психологиялық көмек көрсетілді. Алматы облысының білім басқармасы мән-жайларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Іс полицияда тіркелді, тергеу шаралары жүргізілуде. Аймақтың білім басқармасы оқиғаны тергеу барысын жеке бақылауға алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!