Жаппай жол апаты жиілеп кетті – Үкімет басшысы
Үкімет басшысы Олжас Бектенов тұрғындардың қолайсыз ауа райында жолға шықпау керектігін түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті
12:40 04.02.2025
- Тағы бір назар аударатын мәселе – жаппай жол апаты жиілеп кетті. Мысалы, қаңтар айының басында «Астана – Щучинск» бағытында резонанс тудырған жол апаты болды. Осындай оқиға «Астана – Қарағанды» трассасында да тіркелді, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Осы орайда Премьер-министр қолайсыз ауа райы кезінде тұрғындарды хабарландыру жұмыстарын жетілдіруді тапсырды.
- Ауа райының бұзылуы және жүргізушілерді жол апаттары туралы ескертуге тиіс қолданыстағы әдістердің тиімсіз екенін көруге болады. Қыс айларында және қолайсыз ауа райы кезінде ең жоғары жылдамдықты төмендету бойынша озық тәжірибені пайдалану керек. Қолайсыз ау райында алыс жолға шығуға болмайтыны туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Цифрлық шешімдерді қолдана отырып, жүргізушілерді жолдағы ахуал туралы уақтылы ескертіп отыру керек. Радио мен әлеуметтік желілерді пайдаланған жөн. Қауіпті учаскелер алдында электронды таблолар мен уақытша белгілер орнатылуға тиіс, - дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!