{metadescription}
Шамадан тыс жүк тасыған көліктерге айыппұл салу автоматтандырылады

Шамадан тыс жүк тасыған көліктерге айыппұл салу автоматтандырылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында жол сапасын сақтау саласындағы цифрлық шешімдердің қалай қолданысқа енгізіліп жатқанын мәлім етті.

- Бұрынғы жылдары шамадан тыс жүктелген машина салмақ сенсорымен бекітіліп, камера бөлек суретке түсіп, инспектор қағаз түрінде хаттамада заңсыздықты тіркеу үшін машиналар тоқтатылатын. Биыл адами факторды алып тастау жоспарлануда және хаттамалар автоматты түрде ресімделеді. Ол үшін әкімшілік кодекске өзгерістер енгізіліп, интеграциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді министр.

Оның пайымдауынша, бұл жаңашылдық жол бойын торуылдаған көлік инспекторларының санын қысқартып, сыбайлас жемқорлықтың құрамдас тәуекелдерін азайтады.

- Бүгінгі таңда Astana Hubқа автожол және көлік саласында жұмыс істейтін 24 инновациялық жоба тіркелген. Олардың кірісі 15 млрд теңге, экспорт 1 млрд теңге болып, 1700-ден астам жұмыс орны ашылды, - деді Жаслан Мәдиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде