{metadescription}
Жаслан Мәдиев пилотсыз көлік жобаларының авторларына ерекше құқықтық режим беруді ұсынды

Жаслан Мәдиев пилотсыз көлік жобаларының авторларына ерекше құқықтық режим беруді ұсынды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында әріптестеріне пилотсыз көлік индустриясын дамыту мәселесіне көбірек көңіл бөлуді ұсынды.

- Қазақстанға пилотсыз көлік нарығында жаһандық ойыншыларды тарту үшін бірнеше кезеңде тиісті жағдайлар жасау ұсынылады.

Бірінші кезеңде – «реттегіш құмсалғыш» (инновациялық жобаларға нормативтік құжаттардың кейбір талаптарын айналып өтуге мүмкіндік беретін ерекше құқықтық режим – ред) режимін пилоттық іске қосу үшін тест алаңдары таңдалады. Келесі кезеңде жоба сәтті болған кезде ол ұлттық ауқымда іске қосылады, - деді ол.

Министрдің сөзінше, мұндай бастама Қазақстанға бірқатар стратегиялық артықшылықтар әкеледі.

- Біріншіден, халықаралық компаниялар мен инвестицияларды тарту жеңілдейді. Waymo (Google), Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex, Huawei сияқты компаниялар пилотсыз сынау үшін икемді реттелетін елдерді белсенді түрде іздейді.

Екіншіден, автономды автомобильдерге арналған зерттеулерге, инфрақұрылымға және компоненттер өндірісіне шетелдік инвестициялардың ағыны артуы мүмкін.

Мысалы, Біріккен Араб Әмірлігінде «реттегіш құмсалғыш» режимі WeRide және Cruise компанияларына Дубайда пилотсыз таксилерді сынауға мүмкіндік берді. Бұл көлікті жергілікті цифрландыруды жеделдетті.

Үшіншіден, бұл пилотсыз технологиялар саласындағы жергілікті стартаптардың дамуына ықпал етеді, - деді Жаслан Мәдиев.

Ведомство басшысы АҚШ, Қытай, Ресей сияқты елдерде пилотсыз көліктер тартылған жобалар сәтті жүзеге асырылып жатқанын мысалға келтірді.

- Пилотсыз көлік нарығының әлеуеті үлкен. Сарапшылардың болжамы сондай. Мысалы, 2035 жылға қарай пилотсыз көлік нарығы 3 трлн доллар болады. Бұл деген шамамен 100 есе өсім, - дейді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде