{metadescription}
Қарағанды облысында мемлекеттік органдардың борышы 5 жылда 2,2 есеге өсіп кеткен

Қарағанды облысында мемлекеттік органдардың борышы 5 жылда 2,2 есеге өсіп кеткен

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасымен Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің борышын басқару тиімділігіне аудит жүргізді.

Тексеру іс-шаралары Қарағанды облысының Қаржы басқармасын, Экономика басқармасын, Энергетика және ТКШ басқармасын, «Қарағанды Су» ЖШС, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС, «Шахтер» футбол клубы» АҚ және Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімін қамтыды.

- Нәтижесінде соңғы 5 жылда жергілікті атқарушы органдардың борышы 2,2 есеге, ал оны ұстауға жұмсалатын шығыстар 1,5 есеге ұлғайғаны анықталды. Атап айтқанда, коронавирус пандемиясы кезінде мемлекеттік бағалы қағаздардың ауқымды шығарылымы және ЖАО-ның 2020 жылға арналған борыш лимитінің 3,8 млрд теңгеге сақталмауы орын алған. Бұл ретте жалпы борыштық жүктеме басқарылатын жүктеме ретінде бағаланып отыр, - деп жазды Жоғары аудиторлық палатасынан.

Алайда қазіргі уақытта борыштың қолайлы динамикасына қарамастан, оны өтеу бойынша бюджетке түсетін жүктеменің шыңы 2031 жылға түсіп отыр – 20 шарт бойынша 21,7 млрд теңгені құрайды. Жалпы, 2024 жылғы 1 қаңтардағы негізгі борыштың жалпы сомасының 60,4%-ы 2030-2043 жылдар кезеңінде өтелуге жатады.

Сонымен қатар аудиторлар облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың квазимемлекеттік сектор объектілерінің сыртқы және ішкі қарыздарын бақылауда формальды тәсіл қолданатынын да атап өтті.

- Мәселен, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жұмысының жалпы тиімсіздігі аясында оның шығындарын ұлғайту кредиттік шарттар бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалмау тәуекелін арттырады.

Таза пайданы «Қарағанды Су» ЖШС қатысушылары үлесінің пайдасына бөлу және бір мезгілде бос ақшалай қаражатты банк депозиттеріне сала отырып бюджеттік кредиттер алу фактілері анықталды.

«Шахтер» ФК» АҚ-ның қаржы ресурстарын тиімсіз басқару жылдан жылға кредиторлық берешектің, оның ішінде жалақы, салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің өсуіне әкеп соқты, - делінген ақпаратта.

Жалпы жүргізілген аудит қорытындысы бойынша ҚР заңнамасының нормаларын бұзудың жалпы сомасы шамамен 5,3 млрд теңгені құрады.

Тексеру комиссиясы аудит объектілеріне қажетті ұсынымдар жіберіп, анықталған бұзушылықтарды жою үшін нұсқамалар шығарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде