{metadescription}
Алматыдағы екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдары өртеніп жатыр

Алматыдағы екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдары өртеніп жатыр

Алматының Түрксіб ауданында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өрт қаупі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 10:54-те ТЖД күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Демьян Бедного көшесі, 5а мекенжайына жіберілген. Құтқарушылар 11:02-де келгеннен кейін екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдары жанып жатқанын анықтаған.

- Өрттің өзге нысандарға таралу қаупі туындады. Көрші құрылыстарды қорғауға және тілсіз жауды жоюға өрт оқпандары енгізілді. Өрттің таралуын тоқтату үшін тиісті шаралары қабылданып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Өрт 11:45-те оқшауланды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде