{metadescription}
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары тағайындалды

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары тағайындалды

Түркістан облысы Полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болды.

Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып полиция полковнигі Бауыржан Батырбекұлы Зиятаев тағайындалды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға жаңа орынбасарды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Бауыржан Зиятаев Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ-дің түлегі. Мамандығы - заңгер. Жедел-тергеу бөлімдерінде мол тәжірибе жинақтаған. Бұған дейін Түркістан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары, анықтау басқармасының бастығы, Сайрам және Төлеби аудандарында полиция бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Бауыржан Зиятаев ҚР ІІМ-нің медальдарымен, грамоталарымен марапатталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде