Алматыдағы өрт: зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыдағы екі қабатты ғимаратта шыққан тілсіз жаудан 2 адам зардап шекті, деп жазады kazinform.
Фото: Артем Викторов/Kazinform
14:34 04.02.2025
Түрксіб ауданында болған өрт салдарынан күйік шалған 63 және 67 жастағы екі ер адамды жедел жәрдем бригадалары №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.
- Науқастар жан-жақты тексеріліп, комбустиолог, травматолог, реаниматолог мамандармен қаралды. Жағдайлары ауыр деп бағаланады. Науқастар жан сақтау бөліміне жатқызылды. Олар ҚР ДСМ дигностика және емдеу хаттамаға сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!