{metadescription}
LRT құрылысына ұлттық қордан қанша қаржы тартылды – Көлік министрі жауабы

LRT құрылысына ұлттық қордан қанша қаржы тартылды – Көлік министрі жауабы

Бүгін Үкімет үйінде Көлік министрі Марат Қарабаевқа елордадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды деген сауал қойылды, деп жазады kazinform.

- LRT құрылысына біздің министрлік жауапты емес, ол әкімдік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыс. Қаржы алу тетігінің бірі Көлік министрлігі арқылы алу болды. Иә, құрылысты аяқтауға қосымша қаржы бөлініп жатыр, 54 млрд теңге, - деп қысқа қайырды Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министр LRT құрылысына қатысты барлық сауалға жергілікті атқарушы орган, яғни елорда әкімдігі жауапты екенін айтты.

- Жалпы құрылысына, оның іске қосылуына, қандай қаржы көздері және қандай қаржы көздері қарастырылды, оның бәрін Астана қаласының әкімдігі жүргізеді, - дейді ол.

Одан бөлек, БАҚ өкілі ведомство басшысынан LRT құрылысына ұлттық қордан қаржы бөлінгенін растауын сұрады.

- Айттым ғой, ұлттық қордан ақша тартылғанын толығымен растаймын. Өйткені, ақшаны алу көзі біздің министрлік арқылы болды. Жалпы бұл – бөлінген қаржының бір бөлігі, - деп толықтырды М.Қарабаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде