{metadescription}
Алматының айналма жолымен жүру ақысы неге қымбаттады – Марат Қарабаевтың жауабы

Алматының айналма жолымен жүру ақысы неге қымбаттады – Марат Қарабаевтың жауабы

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Алматының айналма жолымен жүру ақысы неге қымбаттағанын түсіндірді, деп жазады kazinform.

- Біріншіден, ол жолды салғанда оған Алматы қаласы мен Алматы облысынан келіп қосылатын 6 жолды қосқанда тәулігіне 45 мың көлік өтеді деп жоспарлағанбыз.

Ал қазір сол радиалды жолдар қосылмағанның өзінде тәулігіне 75 мың көлік өтіп жатыр. Әрине, бұл жолға берілетін жүктемені көбейтеді. Яғни, жолды күтіп ұстауға қосымша қаражат керек болады және жолдың ескіруін тездетеді. Сондықтан, жолды күтіп ұстау үшін және дер кезінде жөндеп отыру үшін ақысын көтердік, - деді министр.

Марат Қарабаев бұл жолмен шетелдік көліктер өте жиі қатынайтынын еске салды.

- Екіншіден, ол - мемлекет-жеке меншік әріптестігі аясында салынған жол. Яғни, мемлекет өз есебінен төлеп жатыр. Бұдан бұрын да айтқанбыз, біздің басты мақсат – жол саласында мемлекетке түсетін жүктемені азайту. Ал содан үнемделген қаражатты басқа әлеуметтік бағыттарға жіберу көзделген. Алматының айналма жолы 66 шақырым десек, мұнда шетелдік көліктер өте көп жүреді. Осы екі себеппен жол ақысын көтердік, - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде