{metadescription}
Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 17 жастағы қыз уланып қалды

Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 17 жастағы қыз уланып қалды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін таңмен Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан № 14 тұрғын үйде болды, деп жазады kazinform.

- Төртінші қабаттағы пәтер отқа оранған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру жасағы 2008 жылғы қызды құтқарды. Көрші пәтерден тағы бір адам эвакуацияланды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 10 адам, соның ішінде 2 бала өздері көшеге шықты. Аумағы 20 шаршы метрді қамтыған өрт жедел сөндірілді. Қыз бала жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт болып жатқаны жөнінде хабар сағат 09.05-те түскен.

Жедел жәрдем бригадасымен ауыр дәрежеде уланған 17 жастағы қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер пациентті дереу анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақтанды. Пульмонология бөлімшесіне ауыстырылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде