Биыл шекараны бұзғаны үшін 27 шетел азаматы ұсталды - ҰҚК Шекара қызметі
ҰҚК Шекара қызметінің биылғы қаңтар айындағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады.
Фото: ҰҚК
16:48 04.02.2025
Дерекке қарағанда, мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 3 785 ҚР заңнамаларын бұзушылар ұсталған. Оның ішінде, 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін қолға түссе, 12 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенген.
- Мемлекеттік шекара арқылы 1 248 заңсыз алып өту фактілерінің жолы кесілді, соның ішінде
жалпы салмағы 7 кг астам есірткі заттары, жалпы салмағы 1 285 кг жоғары синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар бар.
113 – қарулар мен оқ-дәрілер (5 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 25 дана пневматикалық, 152 дана суық қару, 105 дана оқ-дәрілер, 21 дана электрошокерлер);
30 – діни әдебиет (728 дана);
462 – жалпы сомасы 18 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (35 000 литрден астам);
491 – жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
115 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы анықталды, - делінген ақпаратта.
Каспий акваториясында 29 браконьерлік фактілердің алды алынды, сондай-ақ 16 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 17,4 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 139 дана (500 кг) бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Алды алынған залал сомасы шамамен 196 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!