{metadescription}
Елімізде «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр

Елімізде «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр

Елімізде республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын мониторинг ететін цифрлық платформа пайда болады.

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлім етті.

- Қазір «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Ол тек республикалық емес, сондай-ақ жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына да мониторингті қамтамасыз ететін болады. Көлік және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жыл соңына дейін аталған платформаны пилоттық режимде іске қосуды тапсырамын, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Осы орайда Премьер-министр көлік және цифрландыру министрліктеріне нарықтағы барлық цифрлық қызметтерге екі ай мерзімде тексеру жүргізуді тапсырды.

- Отандық IT-компаниялардың автожол саласын дамытуға белсенді түрде жәрдемдесуге, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға, рәсімдерді оңайлатуға және, ең бастысы логистиканы тиімді басқаруға қабілеті жеткілікті, - деп толықтырды ол.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.